
Адам папилломасы вирусы (бұдан әрі – АПВ) – шырышты қабықтар мен теріні зақымдайтын вирустардың ең кең таралған топтарының бірі.
Көп жағдайда ауру белгілерсіз өтеді, алайда АПВ-ның кейбір түрлері қатерлі ісік ауруларына әкелуі мүмкін, соның ішінде жыныс мүшелерінің қатерлі ісігі, көмейдің және ауыз қуысының қатерлі ісіктері.
Қазақстанда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде 11 жастағы, 12-13 жастағы қыздарды адам папилломасы вирусына қарсы иммундау бойынша жоспарлы вакцинациялау жүргізіледі. Вакцинация онкологиялық аурулардың, соның ішінде жатыр мойны обырының даму қаупін едәуір төмендетуге, сондай-ақ қатерлі ісік аурушаңдығы мен өлім-жітім деңгейін азайтуға мүмкіндік береді.
Құрметті ата-аналар! Егер қызыңыз әлі адам папилломасы вирусына қарсы екпе алмаған болса, тіркелген жері бойынша медициналық ұйымға жүгініңіз.
Есіңізде болсын: алдын алу – денсаулықты қорғаудың ең тиімді жолы, себебі адам папилломасы вирусына қарсы арнайы емдеу әдісі жоқ.