ЖРВИ мен тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай

ЖРВИ мен тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай

Эпидемиологиялық маусым басталғалы бері Павлодар облысында 117 288 жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) жағдайы тіркелді. Аурушаңдық құрылымында 14 жасқа дейінгі балалардың үлесі 64,4% құрайды.

Өңірде зертханалық түрде А типті тұмаудың (H3N2) 57 жағдайы расталды, олардың ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың үлесі 56,1% құрайды.

Жалпы алғанда, облыста ЖРВИ мен тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп бағаланады. Аурушаңдыққа тұрақты мониторинг жүргізілуде, вирустардың айналымына зертханалық бақылау жасалуда, сондай-ақ профилактикалық және індетке қарсы іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда.

Тұмау мен басқа да ЖРВИ аурушаңдығының көтерілу маусымында келесі алдын алу шараларын сақтау қажет:

  • алғашқы белгілер пайда болған кезде дереу медициналық көмекке жүгіну, өзін-өзі емдеумен айналыспау;
  • қолды сабынмен жиі жуу, әсіресе жөтелгеннен немесе түшкіргеннен кейін;
  • тұрғын үйді және бөлмелерді жиі желдету, ылғалды тазалау жүргізу.
  • жеке қорғаныш бетперделерін пайдалану;
  • адам көп жиналатын орындарға баруды шектеу;
  • суық тиюден сақтану (ауа райына сай киіну);
  • дене шынықтыру, шынығу, толыққанды ұйқы, дұрыс тамақтану.

Алдын алу – сіздің денсаулығыңызды қорғау!