Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар. Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар

Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар. Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар

Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі халық денсаулығын сақтаудың негізгі факторларының бірі болып табылады. Азық-түлік өнімдері дәмдік және органолептикалық көрсеткіштері бойынша сапалы ғана емес, сондай-ақ белгіленген жарамдылық мерзімі ішінде және мақсатына сай пайдаланылған кезде адам денсаулығы үшін қауіпсіз болуы тиіс. Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі олардың өмірлік циклының барлық кезеңдерінде — өндірістен және сақтаудан бастап тасымалдау, өткізу, дайындау және тұтынуға дейін қамтамасыз етілуі қажет.

Азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарға мыналар жатады:

- Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігі туралы декларация;

- сәйкестік сертификаты;

- ветеринариялық ілеспе құжаттар.

Айналымда жүрген азық-түлік өнімдері олардың қадағалануын қамтамасыз ететін тауарға ілеспе құжаттармен, өнімнің қауіпсіздігін растайтын сәйкестікті бағалау (растау) құжаттарымен, сондай-ақ сақтау, тасымалдау шарттары және жарамдылық мерзімі туралы ақпаратпен бірге жүруі тиіс. Бұл талаптар Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 880 шешімімен бекітілген «Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентіне (ТР КО 021/2011) сәйкес белгіленген.

Азық-түлік өнімдерінің таңбалануы ерекше маңызға ие. Таңбалау Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 881 шешімімен бекітілген «Азық-түлік өнімдерін таңбалау бөлігіндегі талаптар туралы» Кеден одағының техникалық регламентінің (ТР КО 022/2011) талаптарына сәйкес болуы тиіс. Таңбалау шынайы, түсінікті болуы және өнімнің атауы, өндіруші, құрамы, дайындалған күні, жарамдылық мерзімі және сақтау шарттары туралы ақпаратты қамтуы қажет.

Кеден одағының қолданылу аясына жататын техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келетін және сәйкестікті бағалау (растау) рәсімінен өткен азық-түлік өнімдері Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбаланады.

Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарымен толығырақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі «Әділет» сайтында танысуға болады (http://10.61.42.188/rus).