
Көкжөтел – балалар арасында кең таралған инфекция.
Көкжөтелдің қоздырғышы ауа арқылы таралады, ол жөтелгенде, түшкіргенде, науқас сөйлескенде түседі. Көкжөтелге әсіресе өмірінің алғашқы айларындағы балаларда ауыр өтеді. Алдымен балада жалпы суық тию белгілері пайда болады: суық тию, температура, жөтел. Жөтел біртіндеп күшейеді, бір неше рет қайталанатын ұстама тәрізді жөтелге айналады. Осы әлсірететін жөтел ұстамалары кезінде мидың қан айналымының бұзылуы, оттегінің ашығуы пайда болады, бұл кейіннен психиканың бұзылуына және әртүрлі дәрежедегі ақыл-ойдың артта қалуына әкеледі.
Көкжөтелөкпеніңқабынуы(пневмония),мидыңзақымдануысияқтыасқынуларменқауіпті.
Көкжөтелден қорғаудың жалғыз сенімді және тиімді жолы – вакцинация болып табылады, вакцинация 2,3,4 айлықта, 1,5 жаста (18 айлық) және 6 жасында жүргізіледі.
Бірақ иммунитетті нығайту, адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу, таза ауада серуендеу, дұрыс тамақтану сияқты жалпы алдын-алу шараларын да назардан тыс қалдыруға болмайды.
Ата-аналар балаларыңызға екпе салдырыңыз және сау болыңыз!