
Облыстық «HALYK RADIOSY» радиосының эфирінде Департаменттің бас маманы Қуандық Мадина Ерланқызы жұқпалы және паразиттік аурулар бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы радиотыңдаушыларға айтып берді.
Эфир барысында өңірдегі жағдайдың тұрақты екені, сальмонеллез, «А» гепатиті, қызылша, көкжөтел және басқа да инфекциялармен сырқаттанушылықтың төмендеуі жайында атап өтілді. Паразиттік сырқаттанушылық 20,8% - ға төмендеді.
Тыңдармандарға жеке гигиена ережелерін сақтау, көкөністер мен жемістерді мұқият жуу, қауіпсіз суды пайдалану және уақытылы вакцинациялану жөнінде ұмытпау қажеттігі ескертілді.
Өз денсаулығыңызды және жақындарыңыздың денсаулығын қорғаңыздар.