Менингококк инфекциясы

Менингококк инфекциясы

Менингококк инфекциясы – бұл менингококк тудыратын жіті инфекциялық ауру, ол жұтқыншақты, ми қабығын зақымдайды.

Жұқтыру жолы: ауа-тамшылары арқылы (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде).

Инфекция көзі: науқас адамдар мен бактерия тасымалдаушылар.

Белгілері: бастың қатты ауруы, қызудың көтерілуі, бөртпе, жүрек айну мен құсу, тәбеттің төмендеуі, әлсіздік.

Өзіңіз бен жақындарыңызды қалай қорғауға болады:

  • жеке бас гигиенасы ережелерін қатаң сақтау;
  • таза ауада жиі серуендеу ұсынылады;
  • толыққанды және үйлесімді тамақтану, спортпен шұғылдану;
  • жіті және созылмалы жұтқыншақ ауруларын уақытылы емдеу.

Менингококк инфекциясына тән ауру белгілері пайда болған кезде дереу медициналық көмекке жүгіну қажет, өін-өзі емдеумен айналысуға болмайды.