Тамақтан уланудың алдын алу

Тамақтан уланудың алдын алу

Ең жиі кездесетін улану түрі — тамақтан улану.

Мұндай уланулар зиянды микроорганизмдермен немесе олардың тіршілік әрекеті нәтижесінде түзілетін улы заттармен ластанған тамақ өнімдерін пайдаланудан туындайды.

Тамақтан улану мен ішек инфекцияларының алдын алу үшін келесі сақтық шараларын сақтау қажет:

- белгісіз адамдардан рұқсат етілмеген сауда орындарынан азық түлік сатып алмау;

- тез бұзылатын өнімдерді сатып алғанда олардың сақтау жағдайына, сыртқы түріне және жарамдылық мерзіміне назар аудару;

- қаптамасы бүлінген немесе таңбасы (таңбалауы) жоқ өнімдерді сатып алмау;

- көкөністерді, жемістерді, жидектер мен көктерді тұтынар алдында мұқият жуу;

- тағам дайындау кезінде жеке гигиена ережелерін сақтау: пісіруді бастамас бұрын және шикі өніммен байланысқаннан кейін қолды жуу;

- тағам дайындауға арналған үстелдер мен ыдыс-аяқты жуу құралдарымен үнемі тазалап отыру;

- шикі және дайын өнімдерге арналған пышақтар мен турағыш тақтайшаларды бөлек пайдалану;

- қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану;

- тағамды жеткілікті жылумен өңдеуден өткізу, бұл ауру қоздырғыштарының жойылуын және улардың (токсиндердің) бұзылуын қамтамасыз ету;

- етті, балықты және жұмыртқаны дұрыс пісіріп немесе қуырып дайындау;

- тағам өнімдерін жәндіктерден, кеміргіштерден және үй жануарларынан қорғалған жерде сақтау.

Осы қарапайым ережелерді сақтау тағамнан уланудың алдын алуға көмектеседі.