
Бүгін Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Зәмзәгүл Дощанова облыстық «ERTIS» телеарнасының «Бірінші студия» бағдарламасына қатысты.
«Маусымдық аурулардан қалай қорғануға болады» атты тақырыпта толық хабар бүгін, 15 қазан сағат 20:30-да шығады.
Эфирде Зәмзәгүл Дощанова өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды, тұмау мен жіті респираторлық вирустық инфекцияға қарсы екпелердің қалай жүргізілетінін, қандай вакциналар қолданылатынын, кімдер тегін екпе алуға құқылы, инфекциядан қалай қорғану керек және т.б. мәселелер туралы айтып береді. Қорытындылай келе, спикер маусымдық аурулардан қалай қорғану керектігі туралы бірқатар ұсынымдар береді.
Жіберіп алмаңыз!