Менингококкты инфекция

Менингококкты инфекция

Менингококкты инфекция – аурудың асимптоматикалық түрінен мұрын-жұтқыншақтың зақымдалуымен, жұмсақ ми қабығының қабынуымен жүретін іріңді менінгококкты сепсиске дейін ауа тамшылары арқылы берілетін жедел респираторлық бактериялық патогеннің клиникалық түрлерімен сипатталатын жұқпалы ауру.

Алдын алу шаралары:

- адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеу;

- инфекцияны болдырмау үшін қолыңызды мұқият жуу өте маңызды, әсіресе тамақтанар алдында;

- денсаулығыңызды қадағалаңыз, ауа-райына сәйкес киініңіз, үнемі жаттығулар жасап, дұрыс тамақтану арқылы иммундық жүйеңізді сақтаңыз;

- бөлмелерді жиі желдетіп, дымқыл тазалау керек.

Алғашқы белгілер пайда болған кезде дереу медициналық көмекке жүгіну керек! Өзін-өзі емдеуге болмайды!