Химиялық заттармен уланудың алдын алу

Химиялық заттармен уланудың алдын алу

Химиялық улану – бұл химиялық заттардың ағзаға енуінен туындаған ауыр жағдай, токсиндер жұтқыншақ, тыныс алу жолдары, шырышты қабаттар арқылы енуі мүмкін.

Белгілері: құсу, жүрек айну, галлюцинация, бас айналу, іштің ауырсынуы, тахикардия, қан кету, тыныс алудың бұзылуы, сусыздану және диарея.

Алдын алу шаралары:

  • дәрілік заттарды, тұрмыстық химияны сақтау, пайдалану, тасымалдау кезінде сақтық шараларын сақтау;
  • балалардың осындай заттарға қолжетімділігін болдырмау;
  • қауіпті заттармен немесе дәрі-дәрмекпен жұмыс жасамас бұрын нұсқаулықпен мұқият танысу;
  • барлық ұсынымдарды мүлтіксіз орындау.