Чикунгунья вирусының алдын алу

Чикунгунья вирусының алдын алу

Адамға Aedes aegypty және Aedes albopictus масаларының шағуы арқылы жұғатын вирустық ауру. Аурудың белгілері: жоғары қызу, бұлшықет пен буындардың ауыруы, жүрек айну, құсу және теріге бөртпе шығуы.

Жұқтыру қаупін төмендету үшін эндемиялық елдерге шығатын туристерге ұсынылады:

  • репеллентерді қолдану;
  • қол мен аяқты жабатын киім кию;
  • тұру үшін кондиционер орнатылған немесе масаға қарсы торлармен жабдықталған орынжайларды таңдау;
  • масалар көбейетін тоқтап тұрған сулы жерлерден аулақ болу;
  • алғашқы белгілер (қалтырау, буын аурулары) байқалған жағдайда дереу дәрігерге қаралу.