Маймыл шешегінің негізгі белгілері:
- жоғары температура;
- бұлшықет ауруы;
- лимфа түйіндерінің ұлғаюы, қызба;
- бөртпе.
Ауру:
- адамнан адамға тұрмыстық, жыныстық және трансплацентарлы жолмен;
- жұқтырған адам пайдаланатын тұрмыстық заттар арқылы;
- жануарлардың шағуы арқылы беріледі.
Инфекцияның таралу мүмкіндігін болдырмау үшін эндемиялық елдерге баруды жоспарлап отырған азаматтарға келесі сақтық шараларын қолдануды ұсынамыз:
- Ауру адамдармен және жабайы жануарлармен байланыста болудан аулақ болыңыз. Вирус жұқтырған маймылдардан, егеуқұйрықтардан және басқа жануарлардан таралуы мүмкін.
- Қорғаныс құралдарын қолданыңыз. Жануарлармен немесе олардың азығымен байланыста болған жағдайда қорғаныс киімдер мен қолғап қолдану маңызды.
- Гигиенаны сақтаңыз. Қолды үнемі жуу және дезинфекциялық құралдарды қолдану инфекцияның таралу қаупін азайтуға көмектеседі.
- Маймыл шешегі тіркелген елдерге аса қажеттіліксіз баруға кеңес бермейміз.
- Алғашқы белгілері пайда болған кезде дәрігерге қаралыңыз. Егер бөртпе, жоғары температура және басқа белгілер пайда болса, дереу медициналық көмекке жүгіну керек.