Қазақстанда адам папиллома вирусына қарсы қандай вакцина тіркелген?

Қазақстанда адам папиллома вирусына қарсы қандай вакцина тіркелген?

Әлемде адам папиллома вирусына (бұдан әрі - АПВ) қарсы вакцинаны фармацевтикалық компаниялардың шектеулі саны шығарады. Қазақстанда вирустың неғұрлым онкогенді түрлерінен қорғауды қамтитын АПВ-ға қарсы вакциналардың 4 түрі тіркелген:

- «ГлаксоСмитКляйн» (Бельгия) компаниясы шығарған 2-валентті «Церварикс» вакцинасы, ол АПВ -ның 2 түрінен қорғайды – 16, 18;

- АПВ -ның 2 түрінен қорғайтын Қытайда шығарған 2-валентті «Цеколин» вакцинасы – 16, 18;

- «Мерк Шарп и Доум» (АҚШ) компаниясы шығарған 4-валентті «Гардасил» вакцинасы, ол 4 типті АПВ -дан қорғайды –  6, 11, 16, 18;

- «Мерк Шарп и Доум» (АҚШ) компаниясы шығарған 9 валентті «Гардасил 9» вакцинасы, ол АПВ-ның 9 түрінен қорғайды –  6, 11, 16, 18, 31, 33, 45, 52, 58.

Қазақстанда АПВ -ға қарсы вакцинациялау үшін «Мерк Шарп және Доум» (АҚШ) компаниясы шығарған 4-валентті «Гардасил» вакцинасы қолданылады, ол АПВ -ның 4 түрінен –  6, 11, 16, 18 қорғайды;

Құрметті ата-аналар! Балаларыңызға уақытымен екпе алыңыз және сау болыңыз!