Жаңа эпидемиялық маусым туралы

Жаңа эпидемиялық маусым туралы

Бүгін жаңа эпидемиялық маусым туралы «Ирбис» және «Ertis» телеарналарына берген сұхбатында департамент басшысының орынбасары Замзагүл Дощанова айтып берді.

Мәселен, ағымдағы жылдың 22 тамызында «2025-2026 жылдардағы эпидемиялық маусымға тұмау, жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) және коронавирустық инфекция (COVID-19) бойынша санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізу туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2025 жылғы 22 тамыздағы № 6 қаулысына қол қойылды.

Қаулымен алдағы 2025-2026 жылдардағы эпидемиялық маусымға дайындық іс-шаралары айқындалды.

Бұл-ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы тиісті контингентті вакцинациялау науқанын жүргізу, ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап медицина қызметкерлері үшін бетперде режимін енгізу, ЖРВИ және тұмаумен ауыратын науқастарды қабылдауға арналған медициналық ұйымдардың дайындығы. Қаулымен сондай-ақ кіре берісте ЖРВИ және тұмау белгілері бар, медициналық ұйымдардың аумағында және ғимаратында тиісті көрсеткіштері бар науқастар үшін МСАК-та «сүзгілердің» жұмысын ұйымдастыру; медициналық бұйымдар мен дәрілік заттардың қажетті қорын қамтамасыз ету; медициналық ұйымдарда дезинфекциялық режимді күшейту көзделеді. Жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балаларды тұмау, ЖРВИ және COVID-19 көріністері бар күнделікті патронаждауды, уақытылы емдеуге жатқызуды қамтамасыз ете отырып, үйде шақыруларға бірінші кезекте қызмет көрсетуді ұйымдастыру.

Толық сұхбатты бүгін сағат 18:00-де «Ertis», сондай-ақ сағат 19:00 мен 20:00-де «Ирбис» телеарналарынан жаңалықтар бағдарламасынан көріңіздер.

Жіберіп алмаңыз!