Ертіс ауданында көшпелі семинар өтті

Ертіс ауданында көшпелі семинар өтті

2025 жылғы 20 тамызда Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ертіс ауданында «Жұқпалы емес аурулардың алдын алу», ДДСҰ-ның «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасын енгізу тақырыбында көшпелі семинар өткізді.

Іс-шараға білім беру бөлімі басшысының орынбасары А.К.Беспаева және аудан мектептерінің директорлары қатысты. Қатысушылар оқушылар арасында жұқпалы емес аурулардың алдын алу бағыттарының негізгі тетіктерін, ДДСҰ халықаралық жобасын енгізу механизмдерін, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелерін және мектептерде денсаулықты сақтау ортасын қалыптастыруды талқылады.

Жобаның басым бағыттарының қатарында – созылмалы аурулардың алдын алу, дене белсенділігін арттыру және тамақтану сапасын жақсарту, оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануға деген уәждемесін қалыптастыру және қауіп факторларын азайту бар.

Жобаны енгізу оқушылар арасында аурулардың алдын алуға жүйелі көзқарасты қамтамасыз етіп, ауданның білім беру ұйымдарында салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастырудың негізі болады.