1) Мектеп формасына қойылатын барлық талаптар «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы» 007/2011 КО ТР регламенттелген.
Мектеп формасына мыналар жатады:
• көйлектер, блузкалар, жейделер;
• белдемшелер, шалбарлар, астарсыз костюмдер;
• свитерлер, джемперлер және т.б.
Бұл бұйымдар терімен шектеулі жанасуда болады және қауіпсіздік талаптарына сай болуы керек.
2)Мектеп формасын таңбалау – міндетті!
Таңбалау:
Міндетті ақпарат (қазақ және орыс тілінде):
• өндірілген ел;
• өндірушінің атауы мен мекенжайы;
• бұйымның атауы және мақсаты;
• шығарылған күні;
• нарықта айналым белгісі – EAC;
• пайдалану мерзімі мен кепілдік (қажет болған жағдайда);
• тауар белгісі (бар болса).
Киім және трикотаж бұйымдарына қосымша:
• матаның құрамы (табиғи және химиялық талшықтардың пайыздық мөлшері);
• типтік өлшем кестесіне сәйкес өлшемі;
• күтім белгілері мен ұсыныстар.
3) Гигроскопиялық қасиет – маңызды көрсеткіш
• Матаның ылғалды сіңіріп, ұстап тұру қабілеті;
• Жайлылықты қамтамасыз етеді, дененің қызып кетуін және тері ауруларын болдырмайды;
• Мектеп формасы, спорттық және іш киім үшін аса маңызды.
Төмен гигроскопиялық қасиет – дененің қызып кетуі, тітіркену және ауру қаупін арттырады.
4) Ата-аналарға ұсыныс:
Мектеп формасын сатып аларда назар аударыңыз:
• таңбалау мен EAC белгісінің болуы;
• матаның құрамы – табиғи талшықтар көп болу керек;
• ауа және ылғалды өткізгіштік қасиеті;
• өлшемнің сәйкес келуі;
• күтім жөніндегі нұсқаулар.