Бастапқы және қайталама профилактика бар - бұл аурулардың алдын алу және адам папиллома вирусын жұқтыру шаралары.
Жатыр мойны обырының алдын алудың негізгі әдісі - АПВ вакцинациясы. 2, 4 және 9 валентті вакциналар бар, олар енгізілген кезде АПВ-ның ең онкогенді түрлеріне иммунитет береді.
Қатерлі ісік профилактикасының екінші түрі - Қазақстанда 2008 жылдан бастап енгізілген жатыр мойны обырына скрининг. Скрининг ісік процесін ерте кезеңде немесе ісік алдындағы жағдайды анықтау үшін жасалады. Скринингті тұрғылықты жері бойынша немесе тіркелген жері бойынша емханада, кез келген уақытта, кез келген жаста, 30 жастан 70 жасқа дейін, 4 жылда 1 рет тегін өтуге болады.