Жаз – баланың ағзасын қалпына келтіріп, нығайтуға таптырмас кезең. Осы мезгілді тиімді пайдалану үшін балаңызға белсенді, салауатты және үйлесімді күн тәртібін ұйымдастыру маңызды.
Физикалық белсенділік күн сайынғы дағдыға айналуы қажет: серуендеу, ашық алаңда ойын ойнау, велосипед немесе самокат тебу – бұлардың бәрі жүрек-қантамыр жүйесін нығайтып, төзімділік пен көңіл-күйді жақсартады. Таңды жеңіл жаттығулармен бастаңыз – тіпті 10 минуттық қарапайым гимнастика баланың сергек болуына септігін тигізеді.