«А» вирустық гепатиті – бауырды зақымдайтын жұқпалы ауру.
«А» гепатитінің белгілері:
- дене қызуының көтерілуі;
- әлсіздік, тәбеттің төмендеуі;
- жүрек айну, құсу;
- зәрдің қараюы және үлкен дәрет түсінің ағаруы;
- терінің және шырышты қабаттардың сарғаюы.
«А» гепатитінің алдын алу:
- 2 жастағы балаларды жоспарлы вакцинациялау;
- жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау;
- бөтелкедегі немесе қайнатылған суды ғана пайдалану;
- көкөністер мен жемістерді жақсылап жуу.