Халық арасында тамақтан уланудың және жіті ішек инфекцияларының пайда болуын болдырмау мақсатында интернет (әлеуметтік желілер) арқылы тағамға тапсырыс беру кезінде мыналарды ұсынамыз:
- тапсырыс бермес бұрын сайттан ақпаратты табыңыз: фирмалық атауы, орналасқан жері (тамақ дайындалатын стационарлық объектінің мекенжайы) және жұмыс режимі;
- төлемді жеке тұлғаларға аудармаңыз, чекті (сатушының мекенжайымен) электрондық поштаға немесе телефонға жіберетіндігін нақтылап алыңыз;
- тағамның атауы, жарамдылық мерзімі және қаптамадағы құрамы, сондай-ақ өнімнің салмағы (көлемі), оның тағамдық құндылығы көрсетілгеніне назар аударыңыз. Өнімдерде дайындалған күні мен сағаты және сақтау шарттары көрсетілуі керек;
- интернет арқылы ресімделген тамақ өнімдерін тұтынар алдында қаптаманың (контейнерлердің) тұтастығын және өнімнің бүлінбегендігін тексеріңіз. Тамақтанар алдында қолыңызды жуыңыз;
- азық-түлік өнімдерін жарамдылық мерзімін ескере отырып сақтаңыз;
- «күмәнді» сайттар арқылы кездейсоқ адамдардан үйде дайындалған өнімдерді, кремді-кондитерлік өнімдерді сатып алмаңыз.
Улану белгілері болған кезде дереу дәрігерге медициналық көмекке жүгіну керек және ешқандай жағдайда өзін-өзі емдемеу керек!