Қызылша немен қауіпті?

Қызылша немен қауіпті?

Қызылша – ауа-тамшылы инфекциялар тобына жататын жедел жұқпалы вирустық ауру. Инфекция көзімен жақын қарым-қатынаста болғаннан кейін қызылшаға қарсы вакцина алмаған адамдардың шамамен 100%-ы ауырады.

Аурудың алдын алу үшін қызылшаға қарсы вакцина алу өте маңызды!

Қызылша ауруының белгілі бір емі жоқ, асқынған жағдайларда өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін немесе ларингит, құлақтың қабынуы, пневмония, қызылша энцефалиті, мидың қабынуы және т.б. асқынуларға алып келуі мүмкін.