Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында департамент басшысының орынбасары Гүлнар Ақылбекова сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілімен бірге журналистер алдында баяндамамен сөз сөйледі. Тақырыбы: «Нарықты сапасыз өнімнен қорғау».
Баяндамашы хабарлағандай, бірінші жартыжылдықта 1333 өнім сынамасы алынды, оның ішінде 818 азық-түлік және 515 азық-түлік емес. Зертханалық зерттеулер 90 азық-түлік және тағы 340 азық-түлік емес үлгілерінде сәйкессіздікті көрсетті.
Сонымен қатар, жоғары сортты бидай ұнының 2 сынамасында физикалық-химиялық көрсеткіштері бойынша сәйкессіздіктер анықталды: мырыш мөлшері 7,5 мг/кг, нормада 20,0-30,0 мг/кг, темір 42,0 мг/кг, нормада 45,0-65,0 мг/кг. Азық-түлік емес тауарлардың екі сынамасында физикалық-гигиеналық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздіктер анықталды: белгісіз өндірушінің «Аю «Аю» ойыншығы ылғалды өңдеу әсеріне тұрақсыз болып табылды; «Barchyn Fashion қыздарға арналған ақ мектеп блузкасы» бұйымында өндіруші де белгісіз, гигроскопиялық көрсеткіші 07% кем емес болып анықталды.
426 сынамада таңбалауда сәйкессіздіктер анықталды, атап айтқанда, мемлекеттік тілдегі ақпараттың болмауы, оралған тамақ өнімдерін таңбалаудың мемлекеттік тілде жасалмауы, құрамы, КО-ға мүше мемлекеттер нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісі және т.б.
Нәтижесінде жалпы сомасы 2 миллион теңгеден астам сомаға 939,5 келі өнім сатылымнан алынды.
Спикер тұтынушылар тестілік сатып алу кезінде анықталған сәйкес келмейтін өнімдер туралы өзекті ақпаратты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтынан таба алатынын атап өтті.