Жүзу маусымының қызған шағында жағажайда санитариялық талаптарды сақтаудың маңыздылығын еске саламыз:
- тек арнайы жабдықталған және ресми түрде рұқсат етілген орындарда шомылу;
- балалардың суда ересектердің бақылауынсыз шомылуына жол бермеу;
- өз өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, суға түспеу;
- теріңізде жара, сызат немесе бөртпе болса, суға түспеу;
- суға түскеннен кейін таза сумен шайыну немесе сүлгімен сүртіну;
- сүлгі мен жуғышты басқа адамдармен ортақ пайдаланбау;
- ыстықта болу уақытын шектеу – бұл терінің қорғанысын төмендетеді;
- терінің тітіркенуінің алғашқы белгілерінде қайта шомылудан бас тарту;
- күн астында ұзақ жатқан тамақ өнімдерін жемеу;
- суда болғаннан кейін, тамақ ішер алдында қолды сабынмен жуу немесе антисептикпен өңдеу;
Қарапайым ережелерді сақтау арқылы өз денсаулығыңызды және айналаңыздағылардың қауіпсіздігін қорғайсыз!