
АПВ-ға қарсы вакцинациясына қарсы көрсетілімдер.
Өндірушінің нұсқаулығына сәйкес, АПВ-ға қарсы вакцинаны енгізу бойынша мынадай қарсы көрсетілімдер анықталған:
1) әсер етуші заттарға немесе вакцина құрамына кіретін кез келген қосалқы заттарға жоғары сезімталдық;
2) вакцинаны алдыңғы енгізуге анамнезінде анафилактикалық реакция;
3) жіті инфекциялық ауру немесе ауырлығы орташа немесе ауыр дәрежедегі созылмалы аурудың асқынуы;
4) дене температурасының 38 ° С жоғары көтерілуі;
5) 9 жасқа дейінгі балалар (вакцинаны қолдану бұл жастағы балаларда зерттелмеген).
Құрметті ата-аналар, егер сіздің балаларыңыз сау болса және қарсы көрсетілімдер болмаса, АПВ-ға қарсы екпе алыңыз және сау болыңыз.