Балаларды пневмококк инфекциясынан қорғайық!

Балаларды пневмококк инфекциясынан қорғайық!

Қазіргі уақытта пневмококктар балалар арасында жұқпалы ауруды тіркеудің жетекші себептерінің бірі болып табылады.

Пневмококк инфекциясы - бұл пневмококк тудыратын жұқпалы аурулар. Пневмококктар пневмонияны (өкпенің қабынуы), сепсисті (қанмен улану), менингитті (ми қабығының қабынуы), отитті (құлақтың қабынуы) тудыруы мүмкін.

Көбінесе пневмококктардан туындаған аурулардың даму қаупі 2 жасқа дейінгі балаларда, шала туылған балаларда, жақында жұқпалы аурулармен ауырған балаларда, созылмалы аурулары бар балаларда, иммундық жүйесі бұзылған балаларда бар.

Пневмококк инфекциясының алдын алу үшін иммундау жүргізіледі. Балаларды пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялау әлемнің 50-ден астам елінде (АҚШ, Бельгия, Англия, Франция, Германия және басқа да дамыған елдерде) жүргізіледі. Пневмококкқа қарсы вакцина қауіпсіз, тиімді. Вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған. Вакцина белсенді емес, бұлшықет ішіне енгізіледі.

Пневмококкты вакциналар вакцинаның құрамына енген пневмококктың белгілі бір серотиптерінен туындаған сепсистен, бактериемиядан, менингиттен, пневмониядан және жедел отиттен қорғауды қамтамасыз етеді.

Вакцинация жүргізу мерзімі (егу курсы) Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесімен бекітілген – 2 ай, 4 ай, 12-15 ай.

Пневмококк инфекциясына қарсы вакцинацияға қарсы көрсеткіштер:

- пневмококкты вакцинаны алдын ала енгізуге жоғары сезімталдық

- жедел инфекциялық және инфекциялық емес аурулар, өршу кезеңіндегі созылмалы аурулар (вакцинация қалпына келгеннен кейін немесе ремиссия кезеңінде жүргізіледі).

Вакцинация жүргізер алдында міндетті түрде дәрігердің немесе фельдшердің баланы тексеруі жүргізіліп, вакцинацияланатын адамның медициналық құжатында профилактикалық егу жүргізуге рұқсат ресімделеді.

Пневмококкты вакцина туберкулезге қарсы вакцинаны (БЦЖ) қоспағанда, Ұлттық егу күнтізбесінің басқа вакциналарымен бір мезгілде енгізілуі мүмкін.