Жатыр мойны обыры — жыл сайын жүздеген мың әйелдің өмірін қиятын ауыр онкологиялық ауру.
Жатыр мойны обыры әйелдерде ең көп таралған үшінші қатерлі ісік болып табылады және бүкіл әлемде денсаулықтың негізгі проблемасын білдіреді. ЖМО Қазақстанда сүт безі обырынан кейінгі әйелдерде онкологиялық аурулардан болатын өлімнің жетекші себебі болып табылады.
Жатыр мойны обырының негізгі себебі-адам папиллома вирусы —әлемдегі ең көп таралған вирустардың бірі. Созылмалы АПВ инфекциясы әйелдерде жатыр мойны обырының дамуына, сондай-ақ ерлер мен әйелдерде ауыз-жұтқыншақ ісігі, онкогенитальды қатерлі ісік және басқа аурулардың дамуына әкеледі.
Адам папиллома вирусына қарсы егу жасөспірім-қыздарды өмір бойы өлімге әкелетін аурудан қорғауға, Қазақстанда жатыр мойны обырын жоюдың жаһандық мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.