
Белгілі болғандай, аса қауіпті инфекциялар ерекше эпидемиялық қауіп төндіреді және төтенше эпидемиологиялық жағдайды тудыруы мүмкін.
Өңірде жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында алдын алу шараларын ұйымдастыру және өткізу жалғасуда.
Бүгін департамент мамандары облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметінің жеке құрамы үшін оқыту семинарын өткізіп, онда аса қауіпті, карантиндік инфекциялар мен туберкулездің алдын алу мәселелері талқыланды.
Зооноздық аурулар бойынша эпизоотологиялық және эпидемиологиялық жағдай, инфекцияның таралу жолдары, адамдар мен жануарларға ортақ аурулардың клиникалық көрінісі және алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді.
Вакциналарды қолдану, олардың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы ақпарат, соның ішінде халыққа құтыруға қарсы көмек көрсетуде вакцинацияның өзектілігі көрсетілді.