«ERTIS MEDIA» студиясында Halyq radiosy радиостанциясында «Бассейндерге бару кезіндегі қауіпсіздік шаралары» тақырыбында эфир өтті. Эфирге Павлодар облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлімінің бас маманы Тоқтар Бектасов қатысты.
Эфир барысында спикер бассейнге барған кезде міндетті түрде сақталуы тиіс негізгі санитариялық-гигиеналық қағидаларды еске салды:
- Су қоймасына түспес бұрын міндетті түрде сабынмен душ қабылдау қажет. Бұл судың микробтық жүктемесін азайтып, ластанудың таралуының алдын алады;
- Жеке гигиена құралдарын пайдалану — резеңке тәпішке, сүлгі, жүзу қалпағы;
- Жұқпалы ауру белгілері байқалған жағдайда, әсіресе ЖРВИ, тері бөртпелері, асқазан-ішек аурулары кезінде бассейнге баруға болмайды;
- Балалардың суды жұтуына жол бермеу. Бассейннен кейін сабынмен душ қабылдау қажет;
- Ата-аналардан балалардың бассейнге дейін, кезінде және кейінгі гигиенасын қадағалау.