Неліктен балаларға субұрқақтарда шомылуға болмайды?

Неліктен балаларға субұрқақтарда шомылуға болмайды?

Біріншіден, субұрқақтар шомылуға арналмаған. Олар негізінен өмірге қауіпті, өйткені олар электр желісіне қосылған.

Екіншіден, эпидемиологиялық тұрғыдан субұрқақтар балаларға қауіп төндіреді, өйткені олардағы су тазартылмаған және пайдалану кезінде жиі тазаланбайды.

Вирустық ішек инфекцияларының жиілігі (энтеровирустық және ротавирустық энтериттер) олардың өсуі көбінесе субұрқақтарда шомылумен байланысты. Бұл инфекциялар менингиттермен (энтеровирустық менингит немесе менингоэнцефалит) асқынатындықтан да қауіпті. Бұл өте ауыр және қауіпті ауру, ол өлімге әкелуі мүмкін.

Сонымен қатар, субұрқақтарда шомылу А вирустық гепатитінің (сары ауру) себебі болуы мүмкін.