
Бруцеллез - адамның және жануарлардың қауіпті ауруы, мүгедектікке әкелуі мүмкін.
Адам бруцеллезді жұқтыруы мүмкін:
- ауру жануарлармен байланыста болған кезде;
- ауру жануарлардың жүні мен терісін өңдеу кезінде:
- ауру жануарлардың шикі ет және сүт өнімдерін тұтыну кезінде жұқтыруы мүмкін.
Бруцеллез белгілері:
- буындардағы, арқадағы ауырсыну;
- әлсіреу;
- дене температурасының жоғарылауы;
- тәбеттің, салмақтың жоғалуы;
Алдын алу шаралары:
- стихиялық сауда орындарында ет және сүт өнімдерін сатып алмаңыз;
- дұрыс қайнатылмаған, қатты қуырылған ет, шикі сүт, өңделмеген сүзбе мен ірімшіктерді жеуге болмайды;
- жануарларға күтім жасағанда жеке гигиена ережелерін сақтаңыз
- жануарларларыңызды бруцеллезге уақтылы тексертіңіз.
Осы ұсыныстарды орындаңыз, өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына қауіп төндірмеңіз!