
Дезинсекция – адамды, жануарларды, үй-жайлар мен аумақты олардан қорғау мақсатында жәндіктер мен буынаяқтыларды жою жөніндегі алдын алу және жою іс-шараларының кешені. Дератизация – кеміргіштердің (егеуқұйрықтар, тышқандар және т.б.) таралуымен күресуге бағытталған шаралар кешені.
Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау үшін қолданылатын препараттар мемлекеттік тіркеуге жатады.
Ең тиімді әдістердің бірі – инсектицидтерді қолдану. Инсектицидтер –жәндіктерді жою үшін қолданылатын химиялық заттар; кейбір инсектицидтер адамдарға зиянды болуы мүмкін. Сыртқы әсер ету, дұрыс емес дозалау, дұрыс сақтамау немесе жабық кеңістікте пайдалану инсектицидтермен улануға әкелуі мүмкін. Инсектицидтерді қолдану арқылы дезинсекцияны өз бетіңізше жүргізу сіздің денсаулығыңызға зиян тигізуі мүмкін.
Инсектицидтермен улану белгілері инсектицид түріне, оның ағзаға түсу жолына (ауыз арқылы қабылданатын, тері немесе ингаляциялық) және заттың дозасына байланысты өзгеруі мүмкін.
Негізгі тән белгілерге тері бөртпесі, терінің күйдіруі немесе тітіркенуі, көздің тітіркенуі, тыныс алудың қиындауы, жүрек айнуы, құсу, диарея, іштің ауыруы және ұзақ мерзімді белгілерге жалпы денсаулықтың өзгеруі, тәбеттің төмендеуі, шаршау, бас ауруы, тыныс алу аурулары, бауыр немесе бүйрек функциясының бұзылуы жатады.
Жоғарыда аталған белгілердің кез келгені байқалса, мүмкіндігінше тезірек медициналық маманға жүгіну өте маңызды.
Инсектицидтермен уланудың алдын алу және халықтың денсаулығын сақтау мақсатында келесі ұсыныстарды сақтау қажет:
1) жәндіктерден өңдеу жүргізу үшін жәндіктер мен кеміргіштерден профилактикалық өңдеуді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарға жүгіну қажет;
2) тiркелмеген, сондай-ақ ветеринария және фитосанитария саласына арналған препараттарды өз бетiнше қайта өңдеудi жүзеге асыруға, пайдалануға тыйым салынады;
3) мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып, дезинсекцияны жүргізер алдында объектінің әкімшілігіне (ПИК, МИБ және т. б.) және баспалдақ алаңындағы көршілеріңізге оны өткізу күні мен уақыты, қолданылатын құралдар мен сақтық шаралары туралы хабардар етсін;
4) дезинсекция терезелер мен жабық желдеткіш саңылаулар болған кезде жүргізіледі. Жұмыс аяқталғаннан кейін препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес бөлмені мұқият желдетіледі.
Тек кәсіби дезинсекция мен дератизация тиімді және қауіпсіз болуы мүмкін!