
Көкжөтел – Bordetella pertussis бактериясы тудыратын жұқпалы ауру.
Ағымдағы жылдың 6 айында көкжөтелдің 45 жағдайы тіркелді, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8 есеге төмендеу байқалады.
Көкжөтел көбінесе балаларда пневмония, бронхит, плеврит, синусит, отит, мұрыннан қан кету, құрысулар, мидың зақымдануы және дамуының тежелуі сияқты асқынуларды тудырады.
Көкжөтелдің негізгі алдын алу шарасы – вакцинация болып табылады. Көкжөтелге қарсы вакциналар тиімді және қауіпсіз. Екпе 2-4, 18 айлық және 6 жастағы балаларға беріледі.
Балаларды уақытында вакцинациялаңыз!