Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

Келе жатқан Сіздердің мерейлі кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздердің жұмыстарыңыздың арқасында қоғам санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласының жағдайы мен перспективалары туралы хабардар.

БАҚ-та көтерілген проблемалық мәселелер мен кері байланыс мемлекетке қазіргі заманның сын-қатерлеріне жедел ден қоюға мүмкіндік беретінін де атап өткен жөн.

Сіздерге шын жүректен шабыт, үнемі шығармашылық ізденіс, жаңа идеялар мен жобаларды сәтті жүзеге асыруды тілейміз. Халыққа жасаған қызметтеріңіз абырой әкелсін! Табысты да жемісті еңбектеріңіз ақталып, алдағы мақсаттарға жету жолында жаңа биіктерден көріне беріңіздер!

Департамент басшысы Батырбек Әлиев БАҚ өкілдерін келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтай отыра, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласын халық арасында кеңінен насихаттап, ақпараттық қолдау танытқаны үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының құрмет грамотасымен облыстық «ИРБИС» телекомпаниясын және «ERTIS» телеарнасын марапаттады. Өз тарапынан шығармашылық табыс, бақыт және амандық тіледі.

Өз кезегінде салтанат иелері ерекше көңіл бөлгендері үшін алғыс айтып, естелік суретке түсті.