Аула аумақтарының ойын алаңдарындағы топырақтың жағдайын бақылау

Аула аумақтарының ойын алаңдарындағы топырақтың жағдайын бақылау

Аула аумақтарының ойын алаңдарындағы топырақ жағдайын бақылау қауіпсіздікті, санитарияны және экологиялық әл-ауқатты қамтамасыз етудің маңызды бөлігі болып табылады.

Мониторингтің мақсаты ойын алаңдарын пайдалану кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, топырақтың санитарлық жағдайын бақылау, топырақтың ластануын жою бойынша уақтылы шаралар қабылдау болып табылады. Департаменттің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары жылдың жылы мезгілінде аула аумақтарының ойын алаңдарындағы топырақтың жағдайына мониторинг жүргізеді.

Жыл басынан бері мониторинг барысында Екібастұз қаласының шағын аудандарындағы бақылау нүктелерінде микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштер бойынша 6 сәйкес келмейтін сынама анықталды. Профилактикалық іс-шараларды өткізу туралы мүдделі мемлекеттік органдарға ақпараттық хаттар жолданды. Балалар ойын алаңдарында құм ауыстырылды.