Дәрі-дәрмектер мәселесі бойынша басты адам

Дәрі-дәрмектер мәселесі бойынша басты адам

Адамдар ерте кезден сырқатпен түрлі медициналық препараттар, шөп және минералдар арқылы күрескен болатын. Уақыт өте келе, қандай да бір затты қалай әзірлеу және не үшін пайдалану қажеттілігі медицинаның жеке саласы – фармацевтика болып қалыптасты.

Дәрі-дәрмектің емдеп ғана қоймай, сондай-ақ, зиян келтіретіндігін барлығы біледі. Сондықтан да адам ағзасына ненің және қалай әсер ететіндігін мүлтіксіз білетін адамдар болуы қажет. Дәрі-дәрмектердің тәжірибелі білімпаздарына провизорлар, фармацевттер секілді фармацевтика қызметкерлері жатады. Осы мамандыққа тиесілігі адамның медициналық препараттар жайлы сәйкесінше білімге ие екендігін білдіреді.

1224 жылы Еуропалық монархтардың бірқатары дәрігерлер мен дәріхана қызметкерлерінің мамандығын ажырататын құжатқа қол қойды. Ол кезде дәрі-дәрмектерді сатудың жекеменшік пункттерін ашқан, оларды әзірлеген және осы кәсіпке көмекшілерін оқытқан адамдар пайда болды. Атқаратын функциялар аясына қарағанда, бұл провизорлар болатын. Ресей Империясында бұл атақ ғылыми дәрежені білдіретін. Осыдан бірнеше ондаған жылдар бұрын провизордың негізгі міндеті дәрі-дәрмекті әзірлеу және олардың сапасын тексеру еді. Қазіргі уақытта дәріхана ісін түрлі мамандықтар ұсынады, оларды алу үшін орта (колледж) немесе жоғары медициналық білім қажет.

Дәрі-дәрмектерді әзірлеу және сату саласында жұмыс істеу үшін теориялық білімнің және «қол» дағдысының кең спектріне ие болу қажет. Провизор және фармацевт мамандығының сипаттамасы мен ерекшелігі – бұл бейінді медициналық білімі бар және дәріханаларда жұмыс жасайтын адамдар. Олар дәрілік препараттарды босатумен айналысады, өз кәсіби құзыреттілігі шеңберінде сатып алушыларға кеңес береді. Алайда, олардың арасында көптеген пациенттер білмейтін айтарлықтай айырмашылық бар.

Провизор, фармацевт дегеніміз – бұл дәрілік заттар туралы білім (фармакология, фармакокинетика, фармакотерапия, фармацевтикалық қамқорлық), оларды дайындау технологиясы (дәріхана және зауыт технологиялары), экономика (фармация экономикасын ұйымдастыру, дәрілік заттардың менеджмент пен маркетингі, фармакоэкономика) саласындағы кәсіпқой маман, рецептілердің ресімделуін қатаң реттейтін барлық қағидалар мен ережелерді, дәрі-дәрмектерді босату, сақтау және сапасын бақылау тәртібін біледі, жабдықтау, фармацевтикалық маркетинг пен менеджмент, шаруашылық құқығы мәселелерінде хабардар, оны баға түзілу, әлеуметтік психология мәселелеріне үйретеді, сапаны бақылаудың және тіпті, психологияның түрлі салаларында жұмыс жасауға дағдыландырады.

Провизорлар, фармацевттер арасында таңдалған кәсібінен көңілі қалған адамдар іс жүзінде кездеспейді. «Провизор» немесе «фармацевт» мамандығын алған адамдардың мансабы әр түрлі болып қалыптасады. Олар дәріханада «алғашқы үстелде» (сөре алдындағы жұмыс) де, сондай-ақ, провизор-технологтар, провизор-талдаушы ретінде де табысты түрде жұмыс жасай алады. Сонымен қатар, медициналық мекемелерде, фармацевтикалық компанияларда, дәріхана қоймаларында және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы басқа нысандарда өз орнын таба алады.

Айтпақшы, дәрілік заттар мен аналогтарының, өндірушілердің, сырқаттардың қазіргі заманғы алуандығында бұл мамандық ең қажетті, сұраныстағы мамандықтардың бірі. Осы мамандықтағы жұмыс білімнің күн сайынғы толықтырылуын және жаңартылуын талап ететін өте жауапты жұмыс болып келеді.

«Провизор», «фармацевт» мамандығын алуға үміткер адам амбицияға ие болуы керек және нақты мақсаттары болуы тиіс. Егер де үнемі жұмыс істеп, дағды спектрін кеңейтсе, осы саладағы жоғары деңгейдегі мамандардың мансаптық жағынан өсу мүмкіндіктері бар.

Қазіргі және болашақ фармацевтика қызметкерлерінің жаңалықтар мен жұмысқа деген мүмкіндіктері жетерлік. Жақын болашақта бұл мамандық әлі де сұранысқа ие болады. Республика мен шет елдердегі ЖОО-на оқуға түскен кездегі жоғары конкурстың болуы осыған дәлел.