Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптар

Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптар

Қоғамдық тамақтандыру объектілері-тамақ өнімдерін өндірумен, өңдеумен, өткізумен және тұтынуды ұйымдастырумен байланысты объектілер.

2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 50-ден астам отыратын орны бар тамақ өнімдерін өндіретін, өңдейтін және өткізетін қоғамдық тамақтану объектілері эпидемиялық мәні жоғары объектілер болып табылады.

Эпидемиялық мәні болмашы объектілерге отыратын орын саны 50 және одан аз тамақ өнімдерін өндіретін, қайта өңдейтін және өткізетін қоғамдық тамақтану объектілері, отыратын орны жоқ тапсырыспен тағамдарды, аспаздық өнімдерді өндіретін кәсіпорындар жатады.

ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес денсаулық сақтау саласындағы рұқсат беру құжаттарының бірі «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге жоғары эпидемиялық маңызы бар объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды» болып табылады.

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды-мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау объектілері халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін куәландыратын құжат.

«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге жоғары эпидемиялық маңызы бар объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Комитеті тиісті аумақта объектінің орналасқан жері бойынша оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы көрсетеді www.egov.kz (бұдан әрі – портал).

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге жоғары эпидемиялық маңызы бар объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін жеке тұлға дара кәсіпкер немесе заңды тұлға (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті алушы) ретінде көрсетілетін қызметті берушіге «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес портал арқылы жібереді.

Қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы ДСМ 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы санитариялық қағидаларымен регламенттелген.

Хабарлама тәртібі – жеке немесе заңды тұлғаның қызметтін немесе іс-әрекетін басталғанға дейін «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ Заңында (бұдан әрі-Заң) белгіленген тәртіппен бұл туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органды хабардар ету міндетін белгілеу.

Заңды тұлғалар мен кәсіпкерлер тамақ өнімдерін өндірумен және өткізумен байланысты қызметті ұйымдастыру кезінде бұл туралы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға хабарлау қажет екенін есте ұстауы тиіс.

Заңға сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы шаруашылық қызметтің хабарламалық түрлерінің бірі «Эпидемиялық маңызды емес объектінің қызметін (пайдалануын) бастау және тоқтату туралы хабарлама» қарастырылған.

Кәсіпкерлер өз қызметін жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаны өздері береді және аумақтылығы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарына www.egov.kz «электрондық үкімет» порталы арқылы хабардар етуге міндетті.

Бұл ретте, шаруашылық жүргізуші субъектілер (объектілер) эпидемиялық маңызды емес объектілердің қызметі (пайдалануы) басталғанға дейін объектіні халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес келтіруге міндетті.

Хабарлама тәртібін сақтамай қызметті немесе белгілі бір әрекеттерді жасауды жүзеге асыру «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес 463-бабы бойынша әкімшілік жаза (айыппұл) түріндегі жауапкершілікке әкеп соғады.