2025 жылы көкжөтелдің зертханалық расталған 40 жағдайы анықталды, 1 жасқа дейінгі балаларда – 18, 1 жастан 4 жасқа дейін – 16, 5 жастан 9 жасқа дейін – 6. Ауру жұқтырғандардың ішінде 38 бала екпе алмаған, оның ішінде 29 бала бас тартуға байланысты, медициналық босатуға байланысты – 7, екпе салу жасына толмағанға байланысты - 2.
Көкжөтелден қорғаудың жалғыз сенімді және тиімді әдісі - вакцинация, вакцинация 2, 3, 4 айлық, 1,5 жаста (18 ай) және 6 жаста жүргізіледі.
Бірақ иммундық жүйені нығайту, адамдар көп жиналатын жерлерге баруды шектеу, таза ауада серуендеу және теңдестірілген тамақтану сияқты жалпы профилактикалық шараларды елемеуге болмайды.
Ата-аналар, балаларыңызға екпе жасаңыз, сау болыңыз!