Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының медицина қызметкерлеріне арналған семинар өтті

Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының медицина қызметкерлеріне арналған семинар өтті

2025 жылғы 5 маусымда Департаментпен Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының медицина қызметкерлеріне туберкулездің, аса қауіпті және карантиндік инфекциялардың алдын алу бойынша семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты: ерекше қауіпті және карантиндік инфекцияларға күдік туындаған кезде медициналық көмек көрсетуде медицина қызметкерлерінің дер кезінде ден қоюы және тіркелуі.

Эпидемиологиялық жағдай, аса қауіпті және карантиндік аурулар бойынша эпидемияға қарсы іс-шаралар мәселелері талқыланды. Тәжірибеден алынған жағдайларға эпидемиологиялық анамнез жинау сапасына, сондай-ақ уақытылы хабарлау мәселелеріне баса назар аударылды.

Семинарға 100-ден астам адам қатысты.