Дүйсенова Гүлсім Әбішқызы – санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүйесінде 35 жылдық жұмыс өтілі бар санитарлық дәрігер. 1961 жылы 14 қарашада Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Майқайың кентінде дүниеге келген. 1985 жылы Қарағанды медициналық институтын бітірген. Екібастұз аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында, одан кейін Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында жұмыс істеді.
ҚР «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен және «Үздік санитариялық-эпидемиологиялық бейін дәрігері» атағымен марапатталған.
Екібастұз қаласы әкімдігі мен мәслихатының, сондай-ақ Павлодар санитариялық қызмет департаментінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
2021 жылдың 14 қарашасынан бастап зейнеткерлікке шықты.