Кәсіби мереке – Медицина қызметкері күні қарсаңында Департамент өз өмірін санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласына арнаған ардагерлер туралы арнайы құттықтау жарияланымдарын бастайды.
Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары күн сайын түрлі аурулардың алдын алу мен болдырмау жолында еңбектеніп, санитариялық қауіпсіздік пен эпидемияны бақылауды қамтамасыз етуде.
Олардың жоғары кәсібилігі мен жанқиярлығы халықтың санитариялық саламаттылығын сақтауға, халық денсаулығын сенімді және тиімді қорғауға көмектеседі. Бүгінгі күні олардың маңызды ісін лайықты мұрагерлері жалғастыруда.