Абайлаңыз алаяқтар!

Абайлаңыз алаяқтар!

Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) басшылық атынан жалған аккаунттар құрып, ақша талап етіп жатқан жағдайлары жиілеп кеткені туралы ескертеді.

Жалған ақпараттық таратуларға сенбеулеріңізді, күмәнді сілтемелерге өтпеулеріңізді, сондай-ақ қаражат аудармауларыңызды өтінеміз.

Мұндай фактілер болған жағдайда Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына хабарлауды сұраймыз.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы барлық мемлекеттік бақылау мен қадағалау шаралары тек заң аясында жүзеге асырылады.