Павлодар облысының туристік базалары, демалыс үйлерінің басшыларымен семинар-кеңес өтті

Павлодар облысының туристік базалары, демалыс үйлерінің басшыларымен семинар-кеңес өтті

Бүгін «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында Павлодар облысының туристік базалары, демалыс үйлерінің басшыларымен семинар-кеңес өтті. Күн тәртібінде осы маусымда санитарлық - эпидемиологиялық әл-ауқатты қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Кеңеске Павлодар облысы білім беру басқармасының, дене шынықтыру және спорт басқармасының, «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры, демалыс үйлері мен базаларының басшылары қатысты.

Қатысушылар демалыс үйлері мен базаларында демалыс және тамақтану қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, өндірістік бақылау мен рұқсат құжаттарын алудың өзекті мәселелерін, сондай-ақ демалыс саласында қызмет көрсететін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл тетіктерін талқылады.

Балалардың қауіпсіз демалуы, болу және тамақтану жағдайларынсыз олардың демалысын ұйымдастыруға жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.