Құрметті Павлодар облысының тұрғындары, әріптестер!

Құрметті Павлодар облысының тұрғындары, әріптестер!

Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймыз.

1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді.

Мемлекеттік ту, елтаңба және гимн мемлекеттің негізгі рәміздері саналады. Олар – мемлекеттің мызғымас негізінің бірі, Тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының көрінісі. Сондай-ақ бейбітшіліктің, бірлік пен келісімнің, өсіп-өркендеудің белгісі.

Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, бақыт, жан тыныштығы мен бейбітшілік, махаббат пен қуаныш, еңбекте табыс, амандық, тұрақтылық пен Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін өркендеу тілейміз!