Павлодар облысында Құрбан айт мерекесін ұйымдастыру және өткізу туралы

Павлодар облысында Құрбан айт мерекесін ұйымдастыру және өткізу туралы

Өңірлік ақпараттық коммуникациялар алаңында Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Батырбек Әлиев баспасөз конференциясына қатысты. Тақырыбы: «Павлодар облысында Құрбан айт мерекесін ұйымдастыру және өткізу туралы».            

Облыс халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету және жаппай тамақтан уланудың, жіті ішек инфекцияларының туындауына жол бермеу мақсатында, 2025 жылғы 06 маусымда «Құрбан айт» мерекесін атап өту барысында, спикер мынадай талаптарды:

- құрбандық шалу үшін жануарларды сату және сою ветеринариялық қызметтің ресми ветеринариялық-санитариялық қорытындысын алған сою пункттері мен алаңдарында (мал сою пункттері, ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық нормалар) қағидалардың талаптарына сәйкес қалалар мен аудандардағы алаңдар) жүзеге асыру;

- мал сою пункттерінде мал сою кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау (сумен жабдықтау, кәріз жүйесінің болуы), мал сою процесінде пайда болатын қалдықтарды уақытылы шығару;

- қызметкерлерде медициналық тексерудің болуы, қызметкерлердің жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау қажет екенін еске салды.