Сүт және сүт өнімдері

Сүт және сүт өнімдері

Сүт - ауыл шаруашылығы жануарларының сүт бездерінің қалыпты физиологиялық секрециясының өнімі. Сүт өнiмi - сүт өнiмiн, сүт құрамдас өнiмiн, құрамында сүт бар өнiмдi, сүттi қайта өңдеудiң жанама өнiмiн, сүт негiзiндегi балалар тағамы өнiмiн, құрғақ қышқыл сүт қоспаларын, ерте жастағы балаларды тамақтандыруға арналған сүт сусындары (оның iшiнде құрғақ), пайдалануға дайын сүт ботқалары және ерте жастағы балаларға тамақтануға арналған құрғақ сүт ботқалары қамтитын сүттi қайта өңдеу өнiмдерi.

Сүт және сүт өнімдері күнделікті тұтынатын өнімдер тобына жатады және адам өмірінің барлық кезеңінде туғаннан бастап қартайғанға дейін бірге жүреді. Сүт және сүт өнімдерінде ақуыздар, дәрумендер, аминқышқылдар, майлар және басқа да көптеген құнды компоненттер бар. Сүт өнімдерін тұтынудың басты артықшылығы - олардың ішек микрофлорасына тиімді әсер ету қабілеті. Сондай-ақ олардың құрамында кальций мен Д дәрумені бар.

Сүт және сүт өнімдері тұтынушыларға арналған ақпаратпен қоса берілуі тиіс: атауы; тауар белгісі (сауда маркасы) (бар болса); өнімнің құрамы; таза салмағы (брутто салмағы - дайындаушының қалауы бойынша); сүт немесе сүт өнімдері партиясының нөмірі; дайындалған күні; жарамдылық мерзімі; сақтау шарттары; дайындаушының атауы және орналасқан жері; пайдалану жөніндегі ұсынымдар және (немесе) шектеулер, тағамдық құндылық көрсеткіштері; Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы өнім айналымының бірыңғай белгісі (ЕАС).

Кеден Одағының «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 033/2013 Техникалық регламентінің талаптарымен және басқа да техникалық регламенттердің талаптарымен толығырақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі «Әділет» сайтында (http ://10.61.42.188/rus) танысуға болады.