
Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлнәр Ақылбекова өңірлік ақпараттық коммуникациялар алаңында журналистерге тамақтандыру объектілеріне қойылатын талаптар және тамақтан уланудың алдын алу туралы айтып берді.
Сонымен, 2025 жылдың өткен кезеңінде Павлодар облысында жаппай тамақтан улану тіркелген жоқ.
Басқарманың аумақтық басқармаларымен өнімдерді сынамалық сатып алу аясында ағымдағы жылдың 4 айында 566 азық-түлік өнімдерінің сынамасы алынып, оның 56-сында таңбалануы және физикалық-химиялық көрсеткіштері бойынша сәйкессіздіктер анықталған.
Сәйкес келмейтін азық-түлік өнімдерін сатушыларға Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің техникалық регламенттер мен Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерді алу және кері қайтарып алу бойынша жедел әрекет ету шараларын қолдану туралы ұйғарымдары берілді.
Талапқа сай келмейтін 883 кг азық-түлік өнімдері (кондитерлік өнімдер – 800,7 кг, жемістер мен көкөністер – 9,5 кг, құс еті – 61,2 кг, ұн өнімдері – 2,9 кг, басқа да азық-түлік өнімдері (шай) – 8,7 кг) сатылымнан алынды/өткізілді.
Нитраттардың жоғары концентрациясы бар жеміс-көкөніс өнімдерін тұтынуға байланысты тамақтан уланудың алдын алу, сондай-ақ халықты азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша ақпараттандыру мақсатында департамент 2025 жылдың 19 мамыры мен 19 маусымы аралығында «Қауіпсіз өнімді таңдаңыз» өңірлік акциясын жариялады.
Акция барысында тұтынушыларға тамақтан улану мен нитратпен уланудың алдын алу бойынша ақпараттық материалдар таратылып, халық арасында азық-түлік өнімдерін, оның ішінде бақша өнімдерін таңдау талаптары бойынша сауалнама жүргізіледі.
Сонымен қатар, стационарлық емес сауда орындарында «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнының мамандары тұтынушылар сатып алған нитраттардың қалдық мөлшеріне (тұтынушылардың өтініші бойынша) жеміс-көкөніс және бақша өнімдеріне экспресс-зерттеу жүргізетін болады.