Қазіргі заманда фаст-фудсыз өмірді елестету мүмкін емес. Көшеде қамырдағы шұжықшаларды, бәліштерді, шаурма, сэндвичтерді, гамбургерлер, хот-догтар сатып алу біз үшін үйреншікті әдетке айналды.
Біз жылдам тамақтанудың қаншалықты зиян келтіретіні туралы ойлана бермейміз. «Толыққанды тамақ әзірлейтін уақыт жоқ», - жылдам тамақтануды қолданушылар әдетте өздерін осылайша ақтайды.
Жылдам тамақтанудың пайдасы көп емес, ал көптеген ауруларға әсері орасан. Улану қауіптілігінен басқа, «көше» фаст-фудтерін холестерин деңгейін көбейтеді, асқазан-ішек тракты мен жүрек-қантамырлары жүйесі ауурларын тудырады.
Фаст-фуд құрамында майлар мен консерванттар өте көп, ал дәрумендер мен минералды заттар мүлдем жоқ. Фаст-фуд әзірлеу үшін маргаринді пайдалану тағамның ұзақ уақыт сақталып тұруына байланысты, ол қолдан жасалынған май қышқылдарына бай, сутегімен толыққан. Қолдан жасалынған трансмайлар жүйке жүйесі ауруларын, онкологиялық, жүрек ауруларын тудырады, қант диабеті мен белсіздікке әкеледі.
Фаст-фудтың адам ағзасына кері зиянының бір себебіне оларды пайдалану әдісі де жатады. «Жылдам тағам» әдетте, жылдам, жүре бардым пайдаланылады. Сондықтан үлкен бөліктегі, аз шайналған, газдалған сусынмен жұтылған асты қорыту асқазанға қиынға түседі. Бұған қоса, көптеген дәмдеуіш, майонез, соус, кетчуптармен асқазан шырынын өңдеуге шамасы келмейді. Бұндай тағамды жиі қолдану асқазанға ауыртпашылық түсіріп, асқазан-ішек тракты ауруларына әкеледі. «Жылдам тағамды» қолдану майлардың, ақуыз бен көмірсулардың дисбалансына әкеледі, семіздікке ұшыратады. Бұндай тағамды ұзақ уақыт пайдаланған кезде эндокринді жүйе жапа шегеді.
Фастфудты дәрумендер мен жасұынқтарға бай жеміс-жидектермен алмастыру өте маңызды. Бір ғана алма С және Е дәрумендерінің орнын толтыра алады, антиоксиданттар болып табылады.
Үй тағамынан пайдалы ас жоқ. Жеміс-жидектермен көп қоректеңіңіз, калориялы, май тағамдарынан бас тартыңыз. Күндізгі рационның калориялығынан аспаңыз, осылайша сіз дене мүсініңіз бен денсаулығыңызды сақтайсыз.