Энтеровирустық инфекциялар (ЭВИ) - бұл ішек вирустары (энтеровирустар) тудыратын өткір жұқпалы аурулар тобы.
Интоксикация синдромы қызба, бадамша бездердің, орталық жүйке жүйесінің, асқазан-ішек жолдарының зақымдалуымен және басқа органдар мен жүйелердің зақымдалуымен сипатталады. Аурудың өршитін маусымы жаздың соңында және күздің бас кезінде.
Ағымдағы жылдың алғашқы 4 айында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша энтеровирустық инфекцияның 165 жағдайы тіркелді, сырқаттанушылық көрсеткіші – 13,3 (2021 жылы – 248 жағдай, көрсеткіш - 20,9), 1,5 есеге немесе 36,3% - ға төмендегені байқалады.
Энтеровирустың ерекшеліктері:
Резервуар және инфекция көзі-ауру адам немесе вирус жұқтырған симптомсыз тасымалдаушы. Инфекция жұқтырған адамдар инфекцияның алғашқы кезеңдерінде, қоздырғыш организмнен шыққан кезде басқаларға өте қауіпті.
Энтеровирустық инфекцияның инкубациялық кезеңі 2 — ден 35 күнге дейін, орта есеппен 2 аптаға дейін өзгереді.
Инфекцияның берілетін жолдары:
Тәуекел тобына инфекция көзімен тікелей байланыста болған адамдар кіреді. Негізінен балалар мен жас адамдар ауырады. Энтеровирустық инфекциялар иммунитеті төмен адамдар үшін ерекше қауіп төндіреді.
Су, энтеровирустармен ластанған көкөністер, олар суарылған кезде тазартылмаған ағынды суларды қолдану нәтижесінде инфекцияның берілу факторлары болып табылады. Сондай-ақ, вирус кір қолдар, ойыншықтар және басқа да сыртқы орта заттары арқылы берілуі мүмкін.
Энтеровирустарды диагностикалауда келесі әдістер қолданылады:
Энтеровирустардың адамның көптеген мүшелеріне әсер ету қабілеті инфекцияның әртүрлі клиникалық формаларын тудырады. Дененің барлық дерлік органдары мен мүшелері зақымдалуы мүмкін: жүйке, жүрек-тамыр және бронх-өкпе жүйелері, асқазан-ішек жолдары, сонымен қатар бүйрек, көз, бұлшықет, тері, ауыз қуысының шырышты қабаты, бауыр, эндокриндік органдар.
Энтеровирусты инфекцияның ең ауыр және жиі тіркелетін түрлерінің бірі – серозды менингит (қатты бас ауруы, дене қызуының 38-39°С дейін көтерілуі, желке бұлшықеттерінің ауыруы, фотофобия, құсу түрінде көрінеді).
Жұқпалы аурулардың алдын алу және энтеровирустарды қоршаған ортадан бөлу мақсатында ашық су айдындарындағы, нөсер, бұрқақтар мен сарқынды сулардағы су сапасына мониторинг жүргізіледі, ашық су айдындарынан энтеровирустарға су – 1 сынама, сарқынды су-16 сынама алынды, нәтижелері теріс.
Ішек инфекцияларының алдын алудың 5 қарапайым ережесі:
Аурудың алғашқы белгілері байқалған сәтте, дереу медициналық көмекке жүгінуіңіз керек! Өзін-өзі емдеумен айналыспаңыз.
Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз, сау болыңыз!