Ерте пісетін көкөністер мен жемістер маусымының басталуына байланысты елорда сауда сөрелерінде көкөністер мен жемістердің молшылығы байқалуда. Бұл ретте, Нұр-Сұлтан қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті көкөністер мен жемістерді таңдау барысында өзіңізді қалай қорғауға болатынын айтпақшы.
♦️ Көкөністер мен жемістер арасында - шие жемістерінен нитраттан улану қауіпі бойынша қорықпауға болады, себебі шиенің жылдам пісуіне тыңайтқыштар немесе нитраттар әсер ете алмайды, уақыты келгенде өзі пісіп жетіледі.
♦️ Ерте пісетін көкөністерге келетін болсақ (қызылша, қарбыз, қауын, қияр және т.б.), оларға деген сұраныс әрқашан мол болған, сондықтан өндірушілер өнімді тез өсіріп табыс табу мақсатында тыңайтқыштар мен нитраттарды қолданады. Айтпақшы, нитраттарсыз ешқандай жеміс жоқ: олар кез-келген жағдайда болады, тіпті топырақ ұрықтандырылмаған болса да, бұл өсімдіктердің табиғи өсу факторы болып табылады.
♦️ Аз мөлшердегі нитраттармен нитриттер организм үшін улы емес, біздің ағзамыз қысқа уақыт ішінде өңдеп, сыртқа шығара алады. Алайда жосықсыз өндірушілер саналы түрде тыңайтқыштарды рұқсат етілген дозаларынан асырып қолдану себебіне сырты әдемі көрінетін, алайда нитраттармен қаныққан дәмсіз жемістер алады.
♦️ Нитраттардың ағзаға артық түсуі көбінесе гемоглобинді оттегі тасымалдау қабілеті нашар метгемоглобинге айналдырады. Нәтижесінде өлімге әкелуі мүмкін гипоксия ауруы дамуы мумкін. Сондықтан ерте пісетін көкөністер мен жемістерден алшақ болу қажет.
♦️ Нитраттардың көп бөлігі жемістердің қабықтарында, жапырақтарында, тамырларында және өзектерінде жиналады.
Нитраттармен уланудың басты белгілеріне әлсіздік, құсу, асқазан ауруы, жүрек айну жатады.
♦️ Бұл ретте улану асқазанның қышқылдығы төмен, иммунитеті төмен адамдар, нәрестелер, алкоголь өнімдерін жиі қолданатын және т. б. адамдар үшін қауіпті болып табылады.
♦️ Егер сіз өзіңіздің отбасыңызды көкөністермен еркелеткіңіз келсе, бірақ олардың санитарлық бақылаудан өткеніне сенімді болмасаңыз, Сізге бірнеше қарапайым кеңестер- нитраттың мөлшерін азайтуға және қауіпсіз тағам дайындауға көмектеседі:
- нәрестеге ерте жемістерді ұсынбау жеткілікті, ал болашақта көкөністер мен жемістерді қолданар алдында мұқият өңдеу қажет;
- ешбір жағдайда көкөністерді стихиялық базарлардан немесе "қолдан" сатып алмаңыз. Ұйымдастырылған базарларда немесе дүкендерде сатып алу әлдеқайда сенімді;
- сіз дәрумендері бар өнім қолданғыңыз келсе, ерте піскен көкөністерді сатып алудан аулақ болуыңыз керек,;
- сатып алынатын өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттарды талап етуден ұялмаңыз;
- нитраттың тұтынылатын мөлшерін азайту үшін-көкөністер мен жемістерді қабығынан, тамырларынан (көкөністерден), сабақтарынан (ақжелкен, аскөк, балдыркөк, қырыққабат) аршыңыз. Тамыр дақылдары мен жапырақтардан нитраттарды бір-екі сағатқа суға малып жақсылап жуыңыз;
нитраттарды бейтараптандырудың ең тиімді әдісі - аспаздық өңдеу. Бастысы улану белгілері пайда болған кезде алдымен асқазанды жуып, дереу медициналық көмекке жүгіну керек екенділігін есте сақтау керек! Өйткені, бұл сіздің өміріңізді арашалаудағы басты орын алатын жағдай.