Белгісіз жануар тістеген немесе тырнаған жағдайда не істеу керек?

Белгісіз жануар тістеген немесе тырнаған  жағдайда не істеу керек?

Ит, сондай-ақ басқа жануар (түлкі, тиін, мысық) тістеген кезде дереу дәрігерге (травматолог немесе хирург) хабарласу керек. Жәбірленуші тек тістеу ғана емес, сонымен қатар тері мен шырышты қабаттардың сілекейі, әсіресе оларда микротравмалар болса, қауіпті екенін білуі керек. Жануарлардың сілекейімен құтыру сияқты қауіпті аурудың вирусы адамға жұғуы мүмкін. Жануарлардың тырнақтарынан туындаған сызаттар өте қауіпті: жануарлар көбінесе табандарын жалайды, сондықтан инфекцияны жұқтыруға жеткілікті қоздырғыштардың белгілі бір мөлшері тырнақтарда қалады.

Жануарлармен  байланыста болған зардап шеккен тұлға  медициналық көмекке жүгіну керек. Жақын жерде жарақат бөлімі болмаса, үйге барып, алғашқы көмек көрсетіп, содан кейін жедел жәрдем шақырған дұрыс. Дәрігерге хабарласпас бұрын жараны кірден тазарту және жануардың сілекейін жуу үшін тістеген жерді, жараны, тырналған,сілекейленген жарақаттын ағынды сумен және сабынмен (дұрысы тұрмыстық сабынмен) жақсылап жуыңыз, жараны таңғышпен байлаңыз.  

       Дәрігерге қаралуды ұмытпаңыз! Тек маман ғана зақымдану санатын анықтайды және құтыруға қарсы вакцинацияны тағайындайды. Қазіргі таңда осы қорқынышты дерттің алдын алудың бірден-бір жолы болып табылатын құтырмаға қарсы егулер тегін жүргізіледі. Олар демалыс және мереке күндері жасалады. Белгіленген вакцинация курсын уақытында қабылдау қажет. «Жануардың дені сау» деген ветеринарлық анықтама негізінде дәрігер иммундау курсын қысқартады. Толық курс бес вакцинацияны қамтиды (0,3,7,14 және 28-ші күні). Дәрігер тағайындаған вакцинация курсын өз еркімен тоқтатуға және қысқартуға болмайды. Вакцинацияның үзілген курсы адамды құтырудан қорғауға кепілдік бермейді.      

 Есіңізде болсын! Екпе қабылдамаған әрбір  күн - өмірге қауіп төндіреді.